МҰХИТДИН ИСАҰЛЫ: "ПАЙҒАМБАР АҚИДАСЫ" КІТАБЫ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР МЕШІТІНДЕ ТҰРУҒА ЛАЙЫҚТЫ ЖӘНЕ ТҰРУЫ ДА КЕРЕК!
МҰХИТДИН ИСАҰЛЫ: "ПАЙҒАМБАР АҚИДАСЫ" КІТАБЫ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР МЕШІТІНДЕ ТҰРУҒА ЛАЙЫҚТЫ ЖӘНЕ ТҰРУЫ ДА КЕРЕК!

"ПАЙҒАМБАР АҚИДАСЫ"

Нұр-Мүбарак университетінің алғашқы түлегі Серік Тәжібаев университет тарихында аты ерекше аты аталатын ықыласты түлектерінің бірі. Жалпы университеттің алғашқы жылдарында бізге Алматы қаласынан ешкім келмейтін. Бір күні бір жас жігіт келіпті. Аты-жөнін сұрасам Серік. Және бір қызығы осы Алматының төл баласы екен. Осында көзін ашып, осында бала-бақшаға барып, мектепте қазақ тілін де орыс тілін де жақсы оқыпты. Енді ағылшын және араб тілін және дінді үйрену үшін келіпті. Көп ұзамай сол екі тілді керемет меңгеріп шықты. Бірақ қазақ тілі ерекше еді қалада өссе де ауылдың баласы тәрізді.
Әлқисса заман да зулап өтіп сол бала бүгін Матуриди ақидасынан докторлық қорғап жүр. Сығнақидың еңбектеріне қатысты.
Матуриди сенімі бүгінгі таңда елімізде ең көп айтылған бірақ өте бәсең айтылған тақырып. Бұл біз үшін ұят қылық, жат қылық. Кешегі мың жылдық атам қазақтың, алаштың сенімі осы Матуриди сенімі. Абайды да Мәшһүрді де алып қарасаңыз осы сенімді байқайсыз. Біздің дәстүріміз де осыдан көп әсер алған. Әрі Матуриди де Сығнақи де біздің аталарымыз. Шеттен келген көп білгіш атын сырттай айтқанымен ішін айта бермейді. Негізі жасыратыны жоқ келіннің бетін кім ашса сол ыстық көрінеді дегендей молда білгенін оқиды болып тұр. Артар кінәміз жоқ. Салафтармен айтысып жүргендердің көбісі осы Матируди ақидасымен оларға айтпайды. Оларға оқып келген жақтарының ғалымдарының көзқарасымен айтысады. Ал бұл бізге көп сәйкес келмейді. Тіпті талас тудырады бітпейтін ол жақтың мәдениеті. Бізге біздің төл мектебіміздің мәдениеті және дәстүрі керек.
Әлқисса біздің түлек бүгіні универдің ұстазы болған Серік осыны дәстүрлі ұстаным сенімін жақсы біліп, ата жолын қуды. Бір қызығы мұны түсінбейтіндер де бар екен. Сығнақидың еңбегін жіті зерттеді. Сол себепті қазіргі таңда Серіктей төл мектебімізден бітіріп, төл сенімімізді мықты білетін білікті мамандар қазіргі таңда өте аз. Осыны білген өскемендіктер қоярда қоймай Секеңді өздеріне қарай тартып алып кетті. Мен: "Ол жақ суық" десем де ол "қазаққа пайдам тисін" деп кетті. Ол ол жақта көп еңбегі етіп жүздеген теріс ағымдағылардың бетін қайтарғанына ел күә. Онымен қоймай "Пайғамбар ақидасы" деген мына еңбегін шығарыпты. Бұл еңбекте Матуриди ақидасының сол Пайғамбардың ұстанған сенімінен зәредей айырмашылығы жоқтығын дәлелдепті. Кітапты шығарарда мен секілді бишараны қоспағанда небір "менмін" деген ғалымдарға көрсетіп батасын алыпты. "Батамен ел көгерер" дегендей сол кітап енді жарық көріпті.
Секеңнің "әулиелігі" - оның адалдығы, аңғалдығы, қарапайымдылығы. Аллаға деген беріктігі, Пайғамбарымызға деген опашылдығы. Нағыз ғалым осындайлардан шығады.
Бұл кітап еліміздің әр мешітінде тұруға лайықты кітап және тұруы де керек. Секеңе Алла және пайғамбар жолындағы ғылымда ақ жол тілейміз.

islam today islam today
14 күн бұрын 373
0 пікір
Блог туралы